Приветствую Вас Гость!
Воскресенье, 05.05.2024, 15:30
Главная | Форум | Регистрация | Вход | RSS

Меню сайта

Категории

Күйлер кюи МР3 [42]
Жана күйлер! Онлайн тыңдау. Кюи онлайн. Ұлытау, Асылбек Енсепов. Слушать скачать бесплатно и без регистрации
Ноты для Домбры [116]
Ноты для домбры! Домбыраға арналган ноталар. Скачать бесплатно и без регистрации.
Уроки на Домбре [9]
Уроки на домбре. Домбра үйрену сабақтары. На русском и на казахском языке. Скачать бесплатно
Клипы [21]
Клипы кюев (куй). Бейнеклиптер күй туралы көру тіркелусіз Ұлытау Асылбек Енсепов
Өмір баяндар рефераты [13]
Атақты күйшілердің өмір баяны. Құраманғазы Сағырбайұлы, Тоқа, Дәулеткерей, Дина т.б куйшілер
Видео уроки [8]
Видео уроки по домбре. Домбраға арналған Бейне сабақтар
Күйлер (заказы) [20]
Здесь кюи заказанными поьзователями. қолданушылар тапсырған күйлер.
Күй-Нота книги [5]
Книги про известных людей как Курмангазы Сагырбайулы, Дина Нурпейсова их ноты произведение и.т.д Атақты күйшілер және домбра туралы кітаптар ноталары шыгармалары т.б
Минусы для домбры [18]
домбраға арналған миустар. Минусы для домбры. Минусовки для домбры. Домбыра күй минусовкалары
Программы [5]
Керек Бағдарламалар!

Мы ВКонтакте


Новые статьи

Форма входа

Поиск

Опрос

Как Вам новый дизайн сайта
Всего ответов: 615

Новости сайта

Наш плеер

Файлы

Главная » Файлы » Өмір баяндар рефераты

Ұлытау тобы
10.09.2011, 10:52


Ұлытау тобы

Ұлытау

«Ұлытау» тобы әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Чешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы – «Жұмыр қылыш». Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Жарыққа шыққан күйтабақта айқын көрініп, әдемі тыңдалатын дүниенің бірі – «Жұмыр қылыш». Оның өне-бойында даланың рухы болған соң, біз альбомды «Жұмыр қылыш» атадық».

Күйтабаққа он композиция енген. Олардың ішінде күй атасы – Құрманғазының «Адайы», Вивальдидің «Жыл мезгілдері» мен өзге де қазақ күйшілерінің үздік туындылары бар. Альбомның өзі Мәскеудегі танымал студиялардың бірінде жазылса, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Paramaunt Records» студиясында өңдеуден өткен. «Жұмыр қылыш» үнтаспасы негізінен ТМД елдері мен Еуропаның тыңдармандарына арналған. «АБК» компаниясының Мәскеудегі өкілі Табриз Шахиди бұл альбомның Еуропаны күй әлеміне жетелеп, қазақтың этно музыкасын мойындайтынына сенімді. Алдағы уақытта үнтаспаға енген күйлердің кейбіріне бейнеклиптер түсірілмек. Бейнеклиптер әлемнің күллі телеарналарына, атап айтсақ, «Муз ТВ», «MTV», «Channel V» сияқты белді музыкалық телеарналарға ұсынылмақ.

Құдай қаласа, альбом 2006 жылдың ақпан айында Мәскеуде тұсауын кесілд. Ал, көктемде Лондонда белгілі американдық продюсер Тим Палмердің қатысуымен «Ұлытау» жобасы көпшілікке таныстырылды. «Жұмыр қылыш» альбомы да Лондонда тұсауын кесті. Баспасөз мәслихатына арнайы келген ресейліктер: «Бұл азиялық музыканттардың Еуропаны жаулау жолындағы алғашқы қадамы. Поп музыкасы дүрілдеген заманда «Ұлытау» сияқты жобаның пайда болуы, шын мәнінде, игі бастама» – дейді. Қазір топ құрамы жаңа мүшелермен толығып жатыр екен. Аспаптық ұжымға белгілі ресейлік барабаншы Игорь Джавад-заде келіп қосылыпты. Ол Ресейдің атақты әртістері – Авраам Руссо, Земфира, Кристина Орбакайте, т.б. бірге жұмыс істеген. Жерлестеріміздің ішінен «А-студио» тобында барабаншы болған. Игорь Джавад-заде: «Ресейде поп музыкадан аяқ алып жүре алмайсыз. Әлемде де осы музыка жанры дүрілдеп тұр. Бұдан да адам қажиды. Мен «Ұлытау» тобының музыкасымен танысқанымда, алғашында бұл маған таңсық болды. Кейін бірге жасаған дайын туындыны тыңдап көргенімде, таң қалдым. Мен өзімді азиатпын деп санаймын. Біздің мақсатымыз – Азия музыкасын Батысқа мойындату. Сондықтан да тек қана алға ұмтыламыз» – дейді. Топ құрамының жиі өзгеруін Қыдырәлі Болманов шығармашылық ізденістермен байланыстырады.

«Қажет болса, өзге аспаптарды да қосуымыз мүмкін. Осыған орай, топ құрамына жаңадан орындаушылар келуі мүмкін. Бірақ туындыда басымдық берілетін аспап – домбыра. Біздің мақсатымыз – қазақ күйлерін жаңаша үлгімен насихаттау. Құдайға шүкір, бізге алғашқы Гран-приді әкеліп берген де Құрманғазының «Адайы» – дейді, еліміздің танымал продюсері.



Категория: Өмір баяндар рефераты | Добавил: Admin
Просмотров: 2676 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]