Приветствую Вас Гость!
Воскресенье, 05.05.2024, 12:10
Главная | Форум | Регистрация | Вход | RSS

Меню сайта

Категории

Күйлер кюи МР3 [42]
Жана күйлер! Онлайн тыңдау. Кюи онлайн. Ұлытау, Асылбек Енсепов. Слушать скачать бесплатно и без регистрации
Ноты для Домбры [116]
Ноты для домбры! Домбыраға арналган ноталар. Скачать бесплатно и без регистрации.
Уроки на Домбре [9]
Уроки на домбре. Домбра үйрену сабақтары. На русском и на казахском языке. Скачать бесплатно
Клипы [21]
Клипы кюев (куй). Бейнеклиптер күй туралы көру тіркелусіз Ұлытау Асылбек Енсепов
Өмір баяндар рефераты [13]
Атақты күйшілердің өмір баяны. Құраманғазы Сағырбайұлы, Тоқа, Дәулеткерей, Дина т.б куйшілер
Видео уроки [8]
Видео уроки по домбре. Домбраға арналған Бейне сабақтар
Күйлер (заказы) [20]
Здесь кюи заказанными поьзователями. қолданушылар тапсырған күйлер.
Күй-Нота книги [5]
Книги про известных людей как Курмангазы Сагырбайулы, Дина Нурпейсова их ноты произведение и.т.д Атақты күйшілер және домбра туралы кітаптар ноталары шыгармалары т.б
Минусы для домбры [18]
домбраға арналған миустар. Минусы для домбры. Минусовки для домбры. Домбыра күй минусовкалары
Программы [5]
Керек Бағдарламалар!

Мы ВКонтакте


Новые статьи

Форма входа

Поиск

Опрос

Как Вам новый дизайн сайта
Всего ответов: 615

Новости сайта

Наш плеер

Файлы

Главная » Файлы » Өмір баяндар рефераты

Өскенбай Қалманбетұлы
10.09.2011, 14:23


Өскенбай Қалманбетұлы (1860, Маңғыстау түбегі, Жетібай – 1925, Жетібай кенті, «Қырғын» әулие қорымы) – халық күйшісі, ақын-жыршы. Мергендік, аңшы-саятшылық және атбегілік өнерлерімен де айналысқан. Маңғыстау, Хиуа аймағына әйгілі Абыл, Есір, Мылқайдар, Ілекер мен Жоламан күйшіден, Нұрым мен Қашаған ақыннан тәлім-тәрбие алған. Түрікмен дутаршысы Ілбай бахшымен күй сайысына түсіп, үздік өнерімен елге танылады. Сапармәмбет Өтеулі сияқты түрікмен күйшілерімен, Тәңірберген, Жолды, Арал, Сәулебай, Жәкен, Көпеш сияқты қазақ күйшілерімен бір жүріп өнер қуады. Өскенбай – «Адайдың жеті қайқысы» атанған сал-серілердің бірі. Ол қазақ, түрікмен күйлерін шебер орындайтын арқалы ақпа-төкпе домбырашы және қолма-қол күй шығаратын ерекше талант иесі. Репертуарында 300-ден аса күйі болған. Өскенбайдың өзі шығарған күйлерінен біздің дәуірімізге 50-ге жуығы («Жастық дәурен», «Шалыс өре», «Шоқай күйі», «Шөлмек сынған», «Ыңғай төкпе», т.б.) жетті. Ақынның «Балқасым биді жеңуі», «Ырзабек», «Бурабек байларды әшкерелеуі», «Әлмағанбет байды тілдеуі», «Қоштасу», «Жирен жорға», «Жеті бұлбұл», «Ақерке», «Қаракөз», «Кербез Айша», т.б. өлең-толғаулары да бар. Ө. шығармаларының негізгі идеясы – өнерді ардақ тұту, елдік, ерлікті, кісілік пен адамгершілікті насихаттау. Өскенбай мұрасын кезінде баласы М.Өскенбаев Қазақстан ҒА-ның қорына және күйші мұрасын жинаушыларға табыс еткен. Өскенбайдың өлең-толғаулары А.Жұбановтың «Қазақтың халық композиторлары» (1962) кітабында, сонымен қатар «Ақберен» (1972) мен «19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985) жинағында жарияланған.

Категория: Өмір баяндар рефераты | Добавил: Admin
Просмотров: 1760 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]